5 қарашадан бастап қатаң карантин енгізіледі
Ұлыбритания үкіметі Англияда коронавирустың жылдам таралуына байланысты 5 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін қатаң карантин енгізетін болды.
Ұлыбритания үкіметі Англияда коронавирустың жылдам таралуына байланысты 5 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін қатаң карантин енгізетін болды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Борис Джонсон хабарлады, – деп жазады ria.ru.
Коронавирустың екінші толқыны басталған соң ел үкіметі Англияда 12 қазаннан бастап үш деңгейлі қатаң карантин жүйесін енгізген болатын (Уэльсте жұмада 9 қарашаға дейін қатаң карантин енгізілді, Шотландияда және Солтүстік Ирландияда да қатаң шектеу шаралары енгізілген).
Адамдар енді мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге мәжбүр, басқа отбасы мүшелеріне бір-бірімен ғимаратта, көшеде кездесуге тыйым салынды.
«Вирус өте жылдам таралып жатыр. Коронавирусты жұқтырғандар саны артып, өлім-жітім көбейіп барады. Жүктеме көп болған жағдайда дәрігерлер мен медбикелер кімді құтқару, кімді құтқармау керектігін өздері шешетін болады. Шара қабылдайтын уақыт келді», — деді Джонсон сенбіде баспасөз конференциясында.