» » Профессор коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршиді деп есептейді

Профессор коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршиді деп есептейді

Өткен тәулікте ғана Қазақстанда 762 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршуі мүмкін. Мұндай болжамды Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ең алдымен, бүкіл әлемде және Еуропада коронавирусқа қатысты қандай жайттың орын алып жатқанын көріп отырсыздар. Оның Қазақстанда да орын алу ықтималдығы бар. Дегенмен, ол бізде біршама жеңіл өтуі мүмкін, Себебі маусым мен шілде айында бізде көп адам ауырып шықты», – деді қауымдастық президенті агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар профессор еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдығуға қатысты шынайы жағдай мен ресми статистика арасындағы мәліметтер қарама-қайшылығына қатысты пікір білдірді.
«Шындығына келгенде, біздің ресми статистикамыз шынайы жағдайдан 20-30 есеге аз көрсетіп отыр. Себебі адамдардың көпшілігі медициналық көмекке жүгінген жоқ. Қазір де көп адам ауырып жүргенімен, ПТР-тестілеуден өтпейді. Мұны да біліп отырмыз. ПТР-дің оң нәтижесі барлық уақытта коронавирус бола бермейді. Сонымен қатар теріс нәтиже де вирустың жоқ екендігіне дәлел бола алмайды. Сол себепті меніңше, желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында ауруға шалдығу өсімі қазіргіден әлдеқайда жоғары болады», – деді Вячеслав Локшин.
Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығы президентінің болжамынша, коронавирусқа шалдығу көрсеткіші, әсіресе еліміз өңірлерінде ушыға түсуі мүмкін.
20 қараша 2020 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031