» » Қызылорда облысында 6 су қоймасы салынады

Қызылорда облысында 6 су қоймасы салынады

Биыл Сыр елінің дихандары суармалы суға байланысты көп қиындық көргені белгілі. Енді, осы өзекті мәселені шешу мақсатында өңірде 6 су қоймасы салынбақ.
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте кеңінен әңгімелеп берді.
«Биыл күріш өсірушілеріміз гектарына 61,8 центнер өнімнен 550 мың тоннадан астам күріш жинап, тағы да жоғары нәтижеге қол жеткізді. Суармалы суға байланысты суды аз талап ететін дақылдардың егістіктерін кеңейту туралы шешім қабылдадық. Суармалы суға байланысты өзекті мәселелерді азайту үшін көлемі 2,3 миллиард текше метрді құрайтын 6 су қоймасын салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, Қызылорда су торабын, Әйтек су торабын қайта жаңғырту, Жиделі су қоймасын жөндеу, Жалағаш ауданындағы ирригациялық дренаж жүйесін жетілдіру (15 мың га) бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында 143 мың гектар аумақтағы алқаптың ирригациялық және дренаждық жүйесін, 29 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға енгізу жобалары іске асырылатын болады. Біз қазіргі заманауи суару жүйелеріне ерекше мән береміз. Мысалы, пилоттық режимде Жаңақорған ауданында күздік бидай себілген 80 гектар жерге аквагель қолданылды. Бұл гектарынан орта есеппен 18 центнерден өнім жинауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті облыс әкімі Гүлшара Наушақызы.
23 қараша 2020 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031