САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
«Арай» жағажайында судағы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында арнайы тактикалық оқу-жаттығуы.
Аталмыш оқу-жаттығу облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменовтің қатысуымен өтті. Шараға қалалық «Арай» жағажайының ерікті құтқарушыларынан бөлек, облыстық ТЖД, «ОӨАЖҚЖ», «Апат медицинасы орталығы» филиалы, жұмылдыру дайындығы басқармасының мамандары қатысты.
Шараның мақсаты – суға түсу маусымы кезінде оқыс оқиғаға жедел көмек көрсету. Оқу-жаттығу шарты бойынша қайықтан құлаған 2 адамға көмек көрсетілді. Жаттығу барысында суда зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу деңгейі тексерілді.