» » ЖОҚТАН БАР ЖАСАУ

ЖОҚТАН БАР ЖАСАУ

   Теледидарда: Келіп түскен жаңа ақпарат легімен таныс болайық. Арал теңізінің тұздану деңгейі Әлем теңізімен салыстырғанда 4 есеге ұлғайды. 
Қазақстанда:
– Басым ауырып тұр...
– Дәрігерге көрінбейсің бе?
– Ой, жоқ! Шай ішпегеннен ғой. Тұратын жеріміз де экологиялық аймақ. Ауру-сырқаудың барлығы содан.
– Шетелдегі балаң қашан қайтады екен?
– Бір жыл қалды. Соңғы уақытта көшу туралы ойлап жүрмін.
– Неге?
– Қанша жерден туған өлкем болса да ахуалы нашар жерде тұрғым келмейді. Суы, ауасы таза емес. Ағаш жоқ. Балама да қайтпа деп отырмын. Жақсы жерде жүрсін. Қайтеді, дымы жоқ елге келіп?!
– Өзің екпейсің бе? Жыл сайын үйіңнің жан-жағына тал, гүл ексең ғой! Балаңды биология, химия саласына бағытта. Бала кезінен зертханаға қызығатын еді. Сен өзің қаржыгер бол, ақшаң көп болады деп мақсатынан айнытқан. Қиындықтан қашып кету оңай. Дегенмен жұмылып, шешу жолын қарастырайық. Тамшыдан су құралғандай, сен, мен өзімізден бастайық. Кемшіліктің өзін артықшылыққа айналдыруға болады. 
Радиода: Қызықты жаңалыққа құлақ түрейік. Өзбекстанда жеке кәсіпкер Арал теңізінің ауасын сатуда. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген туристер естелік ретінде консервті құтыға салынған ауаны жаппай сатып алады екен.
P.S. Ертеде кедей диқаншы кішкене жерге егін егіпті. Күнде екі қолына құмыра алып, алыстан су тасиды екен. Бірақ бір құмырасының түбі тесіліп қалған. Біраз уақыт өткен соң әлгі құмыра қожайынынан кешірім сұрапты:
– Кешір мені. Менің кесірімнен сен екі есе жұмыс істеуге мәжбүрсің.
Диқаншы басын әрі-бері шайқап, әрі күлімсіреп:
– Кез келген дүниенің екі жағы болады. Сен тек мәселені байқап тұрсың. Су таситын жолыма қарашы. Мына қызылды-жасылды әсем гүлдер сенің арқаңда өсіп тұр.
Әсел БЕГМАН
21 маусым 2018 ж. 1 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031