Араб шейхтары Шығыс Қазақстанда күрке тауық өсіретін болды

«БАӘ тарабы екі жобаға 50 млн АҚШ долларын құюға дайын. Құрылысқа жауапты қосалқы мердігер анықталды. Қазақстан тарапымен инвестициялық келісімшарт жасалып, Ұлттық банкте тіркелді. Енді осындағы құжат жұмыстарын реттеуге көмектессеңіздер» – деді Масим Лавров. Бекірені тоқтау суда өсіру үшін еуропалық технология пайдаланылмақ. Жоба толық қуатына енгенде жылына 500 тонна бекіре сүбесін өндіретін болады. Ал күркетауық фермасы жылына 8,2 мың тонна құс етін шығармақ. Құжат жұмыстары ретке келген жағдайда инвесторлар бірден іске кіріспекші.
«Қара суық түскенше жұмысты нөлдік деңгейге жеткізуіміз керек. Ол үшін жер телімі орналасқан аумақтың геодезиясымен танысып үлгеруіміз қажет», - дейді компанияның менеджері.