Заң бұзғандар қоғамдық жұмыстарға тартылады

«Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы заң ағымдағы жылдың 31 шілдесінен бастап күшіне енеді. Аталған заң аясындағы енгізілетін түзетулер Қылмыстық кодекстің 262 бабына, Қылмыстық-процестік кодекстің 45 бабына және Қылмыстық-атқарушылық кодекстің 9 бабына қатысты болып отыр. Негізінен, кісі өлтіруге қатысы жоқ ауыр емес және ауырлығы орташа 247 қылмыс бойынша алғаш рет қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза енгізіліп отыр», - деді Ахметжанов.
Бас прокуратура өкілі атап өткендей, бұл сотталғандар еңбегін қоғам пайдасына қолдануға мүмкіндік береді.
«Сонымен қатар, айыппұлдың ең аз көлемі 500 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін төмендетілді және оны өтеу мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін ұзартылды. Бұл мыңдаған азаматтың айыппұл өтеу мерзімін ұлғайтып, көлемін төмендету туралы арыздануға мүмкіндік беріп отыр», - деді Марат Ахметжанұлы.