«Мадагаскар» мультфильмінің кейіпкері балаларға жолда жүру ережесін оқытады

«Біздің қаланың көшелеріндегі оқиға». Қуыршақ театрында сағат 12.00 және 14.00-де 4-5 тамыз күні өтетін спектакль осылай аталады.
«Қуыршақ театрының» менеджері Аңсат Еспанованың айтуынша, спектаклдің тақырыбы – жол қозғалысы ережелерін үйрену. Спектакль ойын түрінде өтеді.
«Спектакльдің қаһарманы «Мадагаскар-3» мультфильміндегі арыстан Алекс, Марти зебрасы, комиссар Дюбуа кішкентай періштенің қалауымен заманауи қалаға тап болады. Жол қозғалысын білмейтін мультфильмнің батырлары қиын жағдайға тап болады. Егер барлық оқиғаға қатысып көріп отырған көрермендер болмаса, олар өздерінің ертегі әлеміне қайта алмайды», - деді А. Еспанова.
Спектакльдің ұзақтығы – 45 минут.