Астана – елдігімнің айғағы
Астана – еліміздің тәуелсіздігі мен дамуының символына айналған қала. Ерке Есілдің жағасындағы елорда – әлемдегі ең жас қалалардың бірі. Біз шетелге шыққанда тарих үшін қас-қағым сәтте ерекше жылдамдықпен бой түзеген, әдемі Астанамыз туралы әңгімелейміз.
Жиырма жыл бұрынғы бұл қаланың келбеті қазір адам танымастай өзгерген. Салыстырып қарасақ, қала аумағымен қатар халық саны да біршама ұлғайған. Мысалы, 2016 жылы мұндағы халық саны 880 191 болса, 2018 жылғы жаңа есептеу әдісі мұнда 1 035 537 адам қоныстанғанын көрсетеді. Бүгінде Астана кез келген мемлекеттердің астанасының қасында көз тартар сұлу қалалардың бірі және бірегейі болып тұра алады. Себебі мұнда бой көтерген зәулім үйлер мен сән-салтанаты жарасқан ғимараттар адамды сүйсіндірмей қоймайды. Елбасымыз «жаңа Астананың қаласы да, адамдарының санасы да жаңа болсын» деп үндеді. Бүгінде өзінің болашағын жарқын етуге күш салатын әрбір адам Астанада білім алып, тіпті сонда еңбек етуді армандайды. Бұл әрине, болашақтың қаласы атанған Астана мәртебесенің биіктігі, Елбасы арманының орындалғаны.
Гөзел Олжабаева,
11 сынып оқушысы