» » ПЛАСТИК ТЕРЕЗЕ ЖАСАЙДЫ

ПЛАСТИК ТЕРЕЗЕ ЖАСАЙДЫ

kasipker
  Бүгінде жеке кәсіп ашамын деушілерге жағдай жасалған. Мемлекет қанша қаражат керек болса, сонша көмектеседі. Талап жұмысты абыроймен атқару. Мақсат Қазақстандағы жұмыссыз азаматтар санын азайту. Қазіргі таңда бір айлыққа қарап күн көретін жас аз. Бірі шағын кәсіп ашса, енді бірі сауда-саттықпен айналысады. Есесіне отбасын асырайды, табыс көзін ашады. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз жаңақорғандық Мұхамедәлі Тұрманов.
Мұхамедәлі пластик терезе өндірісімен айналысады. Өз күшімен кәсібін өрлетіп, заман талабына сай еңбек өнімділігін арттырғысы келеді. Осылайша Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалынан кеңес алып, «Бастау» жобасына қатысады. Жобаға қатысу барысында бухгалтерлік есеп, маркетингтік жоспарлау, салықпен жұмыс секілді кәсіпкерлікпен айналысудың алғышарттарын меңгеріп шығады. «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы несие алады. Алынған қаражатқа Мұхамедәлі кәсібіне қажетті заттарын сатып алады. Кәсіпкерге бүгінде аудан тұрғындарынан тапсырыс жеткілікті. «Оны дер кезінде орындауда осы несиеге алынған қажетті шикізат пен жүк көлігім айтарлықтай көмек болып тұр»,  дейді кәсіп иесі.  
    Сұраныс көбейді. Бірақ тиісті құрал-жабдығымыз жетіспеді, оны алатын қаржымыз болмады. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі дегенді естіп, аудандағы Кәсіпкерлер палатасының филиалынан кеңес алдық. Палата мамандары «Бастау» жобасына қатысуды ұсынып, оқуға жіберді. Нәтижесінде бір ай оқып, тұтынушылармен жұмыс істеу сияқты, кәсіптің өзге де қыр-сырына қанық болдым. Одан әрі жобамды Қызылордаға барып, облыстық комиссия алдында қорғап келдім. Жобама сұраған қаржы 4 млн. 800 мың теңгені берді. Үкіметке рақмет, бұл қолдау мен үшін айтарлықтай жеңілдік болды,  дейді кәсіпкер Мұхамедәлі Тұрманов.
 Қыс мезгілінде тапсырыс аз болғанымен күн жылына бастағаннан тапсырыс көбейіп, кәсіпкер аптасына екі үйдің терезесін дайындайды. 3 адамды жұмыспен қамтыды және өндіріс цехын кеңейтуді жоспарлауда. Айта кету керек, өткен жылы «Бастау» жобасымен 195-і жаңақорғандық оқып, білім алды. Олардың 151 облыстық комиссия алдында жобаларын сәтті қорғап, нәтижесінде 115 азаматтың жобасы 278 млн. 200 мың теңгеге қаржыландырылды. Ал осы жылы 250 адамды оқыту көзделген болса, бүгінде 127-сі «Бастауды» тәмамдады.
Мөлдір САБЫРЖАН
13 қыркүйек 2018 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031