» » ҚАНАТТЫҒА ӨРІС КЕҢ

ҚАНАТТЫҒА ӨРІС КЕҢ

   
Қазақ халқында «Қанаттыға өріс кең» деген дана сөз бар. Сонау ықылым заманнан атадан-балаға аманатталып келе жатқан осы бір ұлы сөзден қуат алып, бүгінде кәсібін дөңгелентіп, қоғамнан өз орнын тапқан талапты да дарынды жастар арамызда жетерлік.  Сондай талапты жастың бірі – жүз шайырдың Отаны атанған Тұрмағамбет ауылының жас тұрғыны Рүстем Әбдірауықов.
   Айтпақшы, Рүстем  даңғайыр ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтың шөбересі. Рүстем замандастары сияқты бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламадан, нақтысын айтқанда «2017-2021 жылдарғы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында өткен жылы «мүйізді ірі қара басын көбейту және бордақылау»  жобасы бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы алған несиесіне 8 бас мүйізді ірі қара аналығын сатып алып, бүгінде оны көбейтуге жұмыс істеуде.
      «Өткен жылы отбасыммен ақылдаса отырып, мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы мүйізді ірі қараның 8 бас аналығын сатып алдық. Бүгінде сол аналықтардың алтауы төлдеді. Қалғаны алдағы уақытта төл береді деп күтудеміз. Әзірге нәтиже жаман емес. Алла қаласа, бірер жылда мал басын көбейтіп, бордақылауды да бастамақшымын. Қорамда  ірі қарадан басқа жылқы да, қой да бар. Ата-бабалар кәсібін қолдан келгенше өркендетуді өзімнің перзенттік  парызым деп білемін. Тіпті Үкімет тарапынан қолдау болып жатса, бастаған ісімді одан әрі өркендетуге жұмыс істеймін» дейді жас кәсіпкер Рүстем Нөсербекұлы.
 Тұрмағамбет ауылдық  округі әкімдігінің маманы Айдос Мұхамбетқалиевтың айтуынша, ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға белсенділік танытып жүрген жастар көп. Оның ішінде мал шаруашылығы мен тұрмыстық-қызметтік кәсіптерді дамытуға құлшыныс танытушылар саны күннен-күнге артуда. Алайда кәсіп бастау үшін әркімнің алдында тұратын ең бірінші кедергі, яғни  тұрмыстық жағдай жағдай екенін  біз жақсы білеміз. Десе де, ауылдың дарынды жастары бұл қиыншылықтың да жеңіп, әлемнің әміршісі атанған еңбектің арқасында өздері бастаған кәсіптері арқылы нәсібін табуда. Әрине оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Қармақшы ауданы.      
03 қараша 2019 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930