» » Пандемия Кезіндегі Ынтымақтастық: Қазақстанның 114 Оқушысы АҚШ-тан Сәтті Оралды  

Пандемия Кезіндегі Ынтымақтастық: Қазақстанның 114 Оқушысы АҚШ-тан Сәтті Оралды  

 Соңғы екі ай бойы АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Халықаралық білім беру жөніндегі Америка Кеңестері Future Leaders Exchange (FLEX [1]) атты бір жылғы алмасу бағдарламасына қатысқан 114 қазақстандық оқушыны, Fulbright бағдарламасының қатысушыларын және АҚШ-та жеке өз қаражаттарымен оқитын студенттерді Қазақстанға сәтті қайтару үшін бірлесіп жұмыс жасады.
АҚШ Елшісі Уильям Мозер Air Astana әуекомпаниясына алмасу бағдарламаларына қатысушыларды (32 штатта оқыған [2]) әкелу мақсатында Франкфурттан Қазақстанға арнайы рейс ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Карантиннен кейін үйлеріне қарай жолға шығуы ыңғайлы болуы үшін оқушылар Атырау, Нұр-Сұлтан және Алматыға жеткізілді.
FLEX-тен тәлім алушы Мади Алданазаровтың айтуынша: «Жол ұзақ болды, әйтеуір жеттім ғой. Менімен бірге ұшқан адамдарға және мені осында күткендердің барлығына рахмет айтамын. Олардың қолдауы болмаса, осылайша оңай сезілмес еді. Енді қызықтың бәрі алда, жаңа тәжірибе бастау үшін…бұл да бір біткен шаруа болар!"
АҚШ Мемлекеттік департаменті FLEX бағдарламасын жүзеге асыруда серіктес болып табылатын Халықаралық білім беру жөніндегі Америка Кеңестерімен бірлесе, оқушыларды еліне қайтару жұмыстарын жүргізді. Қазақстандық делегацияға дейін Америка Кеңестері коронавирустық пандемияға байланысты шетелдік 400-ден астам FLEX (АҚШ үкіметінің демеушілігімен ұйымдастырылған бағдарлама) бағдарламасының оқушыларын үйлеріне қайтарып үлгерген. Осының арқасында олар үйлестіруді, байланыс және қауіпсіздікті үздіксіз түрде қамтамасыз ету үшін маңызды тәжірибе жинауға мүмкіндік алған.
Екі ай бойы бүкіл ұжым ұшудың шектеулері мен үнемі өзгеріп отыратын ережелерді ескеріп, жоғары сынып оқушыларының дүниежүзін қауіпсіз шарлауын көздеп, күрделі мәселелерді шешуде тынымсыз жұмыс жасады. Америка Кеңестері оқушылардың отбасы мүшелері үшін бірнеше виртуалды ақпараттық сессияларды ұйымдастырды, оған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ елшілігінің өкілдері де қатысты. Қауіпсіздікті басты міндет деп айқындаған спикерлер оқушылардың репатриация процесін нақты түсіндіріп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Анна Перрелли, АҚШ-тың Нұр Сұлтандағы Елшілігінің Мәдениет жөніндегі атташесі, ата-аналарға FLEX оқушыларының денсаулығы мен қауіпсіздігі, олардың аман-есен оралуы және ата-аналарымен қайта қауышуын қамтамасыз ету Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Кеңестері үшін басты міндет деп сендірді.
Америка Кеңестері оқушыларды Франкфуртқа ұшыру үшін, АҚШ-тағы уақытша мекен-жайынан Чикагодағы О’Харе немесе Вашингтондағы Даллес халықаралық әуежайлардың біріне уақытында жеткізуді қамтамасыз етіп, жергілікті қабылдаушы ұйымдармен және америкалық қабылдаушы отбасылармен тығыз байланыс жүргізді.
Аталмыш ұйым оқушыларды ұзақ сапарға дайындап, оларды бетперде, қолға арналған антисептиктермен және тамақпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, ұйым транзиттің әр кезеңінде еріп жүрген адамдарға тегін жедел телефон байланысын ұйымдастырып, отырғызу мен жиындарды өткізуде әлеуметтік қашықтықты сақтау, карантин талаптарын ұстану және автобусты қамтамасыз ету кезіндегі қауіптерді азайту үшін қауіпсіздік протоколдарын жасады. Америка Кеңестері ұжымы әуежайларда, оқушыларды қарсы алу, жүктерді рәсімдеу мен тіркеу кезінде және Франкфуртта транзит кезінде қолдау көрсетті. Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік департаменті Фулбрайт бағдарламасы сияқты алмасу бағдарламаларымен Қазақстаннан келген студенттердің де үйге қайтарылуын қамтамасыз ету үшін Америка Кеңестерімен іс-шараларды жалғастыра берді.
АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі мен ҚР СІМ үш қалада карантинге жіберілген оқушыларға қауіпсіз жағдай жасау үшін бірлесіп жұмыс жасады. Оқушыларды автобуспен өз туған қалаларына апаруға рұқсат алу үшін де бірге ұйымдасты. «Оқу орындарының жабылуынан туындаған қиындықтар мен жаһандық пандемияның етек алу трагедиясына қарамастан, бұл оқушылардың үйлеріне жетуі – АҚШ-тағы оқу соңындағы оқушылардың бастан кешкен қызықтары болып қала бермек. Оқушылардың еліне қауіпсіз оралуы үшін біз Қазақстан үкіметіне көрсеткен тығыз ынтымақтастық пен қолдауы үшін ризашылығымызды білдіреміз», – деді Баспасөз атташесі Шон Бода.
Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген ережеге сәйкес, елге ұшып келген оқушылар дереу карантинге жіберілді. Оқушылардың COVID-19 талдауы теріс нәтиже көрсеткеннен кейін, АҚШ елшілігі мен Бас консулдығының, Америка Кеңестерінің өкілдері және әр қаладағы FLEX түлектері оқушылардың үйлеріне қайтуы үшін тамақ пен көлік шығындарына байланысты көмек берді. АҚШ Елшілігі мен Бас консулдығы, Америка Кеңестері және Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі автобустардың барлық қажетті қауіпсіздік бекеттерінен өтпейінше, жүргізушілердің оқушыларды ата-аналарына аман-есен жеткізбейінше үнемі байланыста болды.

Қазір барлық оқушылар үйлерінде.
  Future Leaders Exchange бағдарламасы (FLEX) – Армения, Әзірбайжан, Эстония, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Моңғолия, Черногория, Польша, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан және Украинадан келген орта мектеп оқушыларына арналған АҚШ Мемлекеттік департаментінің бағдарламасы.  Бағдарлама студенттерге АҚШ-ты көруге, қабылдаушы отбасымен тұруға және АҚШ-қа баруға негізделетін орта мектепте толық бір оқу жыл оқуға арналған  шәкіртақы ұсынады. FLEX 1992 жылы құрылды және АҚШ Мемлекеттік департаменттің білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросымен қаржыландырылады. Бағдарлама бұрынғы сенатор Билл Брэдлидің АҚШ пен басқа елдер арасындағы ұзақ мерзімді бейбітшілік пен түсіністікті қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі және Еуразия елдері жастарының АҚШ туралы білу мүмкіндігі, америкалықтарға өздері туралы және америкалықтардың өздеріне өз елдері туралы үйрену жолы деген тұжырымынан туған. FLEX бағдарламасының негізгі мақсаты өзара түсінушілікті жақсарту, Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан азаматтары арасындағы ұзақ мерзімді қатынастарды дамыту және нығайту болып табылады. Мемлекеттік департамент FLEX және басқа бағдарламалар арқылы 50-ден астам елден келген орта мектеп оқушыларымен алмасуды қолдайды. 1993 жылы басталғаннан бері FLEX бағдарламасына 27000-нан астам оқушы қатысты.
Коннектикут, Делавэр, Массачусетс, Небраска, Северная Каролина, Пенсильвания, Южная Дакота, Вермонт, Аризона, Арканзас, Джорджия, Иллинойс, Миссисипи, Монтана, Нью-Йорк, Северная Дакота, Вашингтон, Колорадо, Индиана, Миссури, Оклахома, Канзас, Орегон, Калифорния, Мэн, Вирджиния, Огайо, Миннесота, Висконсин, Мичиган, Айова, Техас.
29 мамыр 2020 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930