Коронавирусты 4 сағатта жоятын масканың шыққаны рас па?

Ақпарат манипуляциясы мынада: "Коронавирус тудыратын SARS-Cov-2 вирусының мыс бұйымдарында 4 сағатқа дейін сақталады. Алайда Жапония ғалымдарының мыс талшықтарынан жасаған маскасы әлі тәжірибе жүзінде болғандықтан біз нақты қанша сағатта жоя алатынын айта алмаймыз, сондықтан бұл мәлімдеме – манипуляция", - дейді Factcheck.kz. Gunma университеті жанында құрылған Gunma University Development & Innovation (GUDi) кәсіпорны Жапонияның Китрью қаласында орналасқан. Осы кәсіпорын Meisei Industry компаниясымен бірігіп, Covid-19 вирусының таралуын алдын алу үшін мыс талшықтарынан жасалған тоқыма өнімдерін дайындай бастады. "Қолданылып жатқан материал вирустың жаппай таралуына жол бермеу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және біз осы жетістікке тезірек жетуді қалаймыз", - дейді осы тәжірибелердің басы-қасында жүрген Gunma Университетінің профессоры және GUDi кәсіпорынының атқарушы төрағасы Хидеюки Итабаши.
Massaget.kz