» » Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда 42 500 теңге өсуі мүмкін

Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда 42 500 теңге өсуі мүмкін

 Қазақстанда карантин салдарынан жұмысынан айырылғандарға берілетін төлемді көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Инфрақұрылымдық жобалар есебінен жұмыс орындарын сақтау және құру, жұмыспен қамту жол картасын жалғастыру бойынша шаралар қабылданады. “Еңбек” бағдарламасы аясында субсидияланатын жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Қысқартылған жұмысқа көшу кезінде өтемақы не жалақының бір бөлігін ең төменгі бір жалақы деңгейінде субсидиялау енгізілуі мүмкін. Карантин кезеңінде жұмыссыздар үшін жұмысынан айырылған кезеңде төлемді арттыру бойынша ұсыныстар енгізу жоспарда бар”, – деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Еске салайық, мұның алдында министр коронавирустың екінші толқыны болса, қанша адам жұмыссыз қалатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны болса, 4 миллион адам жұмыс режимін сақтап қалуы мүмкін.
24 қыркүйек 2020 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930