» » ҚР Мемлекеттік хатшысы жұмыс сапарымен Түркияға барды

ҚР Мемлекеттік хатшысы жұмыс сапарымен Түркияға барды

2018 жылғы 15 ақпанда ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Түрік Республикасына барды. Сапар аясында Мемхатшы Түркия Премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоглуның шақыруымен Анкарадағы Қазақстан мен Түркияның іскер әйелдері бизнес-форумына қатысты.
Оған сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, Түркия сауда палатасы және тауар биржалары одағының, мемлекеттік органдардың, әйелдер кәсіпкерлік қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде ел Президенті Н.Назарбаев 25 жылдан астам уақыттан бері тиімді ынтымақтастық орнатып келе жатқан бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуына ерекше мән беретіндігін атап өтті.
Мемхатшы Мемлекет басшысының табысты навигацияға және Индустрия 4.0 – жаңа әлемге бейімделуге бағытталған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына назар аударды. Осы орайда кәсіпорындарды цифрландыруға бағытталған жаңа әдістер сынақтан өткізіледі. Бұл ретте әйелдердің кәсіпкерлік қоғамдастығына маңызды орын бөлінбек.
Г.Әбдіқалықова Қазақстанда әйелдердің мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінде әйелдердің 10,1%-і (43 адам) саяси мемлекеттік қызметші болып табылады. Парламентте 33 адам немесе депутаттардың жалпы санының 22%-і – әйелдер. Барлық шағын және орта бизнестің 43%-ын әйелдер басқарады, олар 31% жұмыс орнын (964 мың адамды) қамтамасыз етіп отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бойынша, «әйелдердің экономикалық даму саласына қатысуы және мүмкіндіктері» көрсеткіші жөнінен Қазақстан 30-орын алды.
Мемлекеттік хатшы биыл Қазақстан айрықша мерейтой – Астананың 20 жылдығын атап өтетіндігін айтты. Астана – Тәуелсіздіктің символы, Президент идеясының іске асуы және барша қазақстандықтардың еңбегінің жемісі.
Форумда кәсіпкер әйелдердің инновациялық бизнес-жобаларының таныстырылымы болып, сындарлы түрде озық тәжірибе алмасылды, Қазақстан мен Түркияның әйелдер бизнес-қоғамдастығы арасындағы экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, форум аясында Г.Әбдіқалықова Түркия Парламентінің Спикері Ислам Кахраманмен, Туркия Премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоглумен, Отбасы істері және әлеуметтік саясат жөніндегі министр Фатма Бетюль Сайын Каямен кездесті.

16 ақпан 2018 ж. 704 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930