» » СЫРДАҒЫ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР

СЫРДАҒЫ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР

   Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай жасақталған Қаззақстанның киелі жерлері географиясына біздің облысымыздан да тарихи нысандар еніп отыр. Талай тарихтың көмбесі, ХІ-ХІІ ғасырларда бой көтерген   «Қорасан Ата» кесенесі мен «Төлегетай-Қылышты ата» кешенді-мазары осы қатардан табылды.
    Деректерге сүйенсек,  Абд ал-Жалил баб Қорасан ата – «Насаб–нама» шежіресі бойынша, Али ибн Абу Талибтің (Әзірет Әлінің) ұлы Мұхаммед ал-Ханафияның бесінші ұрпағы. Қорасан ата  жолды нұсқаушы болып,  түркі халықтарының сандаған ғасырлар бойы исламды қапысыз  ұстануына ықпал етті. Ислам дінін түркілердің дала мәдениетімен ұштастыра таратып, түсіндіруді өзінің парасатты парызы деп білген. Оның  өте данышпан, емші, ақылгөй кісі болғаны тарихтан белгілі. Бұл киелі жердің өзгелерден ерекшелігі – мұнда Меккедегі Қағбаның көшірмесі бар. Ертеде Қорасан атаның баласы ғұлама имам болған екен. Әкесі Қорасан ата әр жұмада «Тотықұс» аралынан Ақмаямен желдей ұшып, Меккеге барып Бамдат намазын өтеп қайтады екен. Осыны сезген Хусаин әкесіне «Рұқсат етсеңіз, Меккедегі Кағбатілләні осында көшіріп әкелейін» депті. Сонда Әбдіжәлел баласын сынау үшін рұқсат етіпті. Баласы айтқанындай, кілемге салып Қағбаны әкеледі. Қорасан ата баласының құдіреттілігіне сеніп, қағбаны жерге қойғызбай көлеңкесін сызып алады, кейін сол сызылған орынға құм үйіндісі жиналып Қағба салынады. Бүгінгі күні бұл орын кіші қажылыққа барғанмен тең болды. Қағбаны жеті рет айналып, дұғаларды оқып, қасындағы құдықтың қасиетті суын ішіп адамдар рухани жаңарып, тазару үшін келеді.
    Төлегетай баба туралы ең алғаш қалам тербеген адам – кезінде Орта Азия халықтарына танымал, Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында Түркістан автономиясының бас министрі болған Мұхаметжан Тынышбаев. Төлегетай Сүйінішұлы (шамамен XV ғасырда өмір сүрген) – тарихи тұлға.  Найманның шөбересі (Найманнан – Белгібай, одан – Сүйініш, одан – Төлегетай). Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған. Қазақ даласында жеке ұлыс болып қалыптасқан наймандарды Төлегетай батыр билеген. Ол жер жадысына жүйрік болған, жері құмдауыт, суы тапшы келетін сол өңірде бабамыздың «мына жерден су шығады» деп таяғымен нұсқаған жерінен су шығады екен.  «Төңірегіңе абай бол», «төрт құбылаңнан жазба», «төрт көзің түгел болсын», «көштерің қатар, түтіндерің қосылып тұрсын», «бір-біріңнен от сұрай жүріңдер» деген өсиеті халықтың  бірлігі мен тұтастығын, қабырғаның теңдігін меңзейді.
    Осылайша, Елбасы бастамашы болған рухани жаңғыру бастамасы тарихымызды тануға негіз болып отыр.

22 желтоқсан 2017 ж. 1 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930