» » ТУҒАН ӨЛКЕМ – ҚАЗАҚСТАН

ТУҒАН ӨЛКЕМ – ҚАЗАҚСТАН

Байқоңыр қалалық архивінің ұйымдастыруымен 1мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті.
  Іс шараға өзге ұлт өкілдері, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Байқоңыр филиалының төрайымы, С.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің студенттері және архив қызметкерлері қатысты.
  Кездесуде тақырып аясында баяндама оқылып, қонақтар Савчева Евдокия Григорьевна, Ким Тамара дархан мінезді қазақ халқы туралы ойларымен бөлісті, Қазақстанды өз Отанымыз деп баршаға мақтан ететіндіктерін жеткізді.
  С.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің ұстазы Д.Амангельдиева Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы туралы тарқатып айтып берді.
Ал халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Байқоңыр филиалының төрайымы С.Алтруева алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беруге көп әсерін тигізетіндігі жөнінде мәлімдеді.
  Шара соңында Байқоңыр қалалық архивінің басшысы Б.Қапанова татулық уызына ұйып, бейбіт қатар өмір сүріп жатқан еліміздің болашағы жарқын екендігін айтып, шараға қатысушы өзге этнос өкілдері мен қонақтарға алғысын білдірді.
28 сәуір 2018 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031