» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН РЕСЕЙГЕ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЖӨНЕЛТІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН РЕСЕЙГЕ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Жиделі» шаруа қожалығы Ресейге 30 тонна қауын-қарбыз жөнелтті. Маусым аяқталғанша экспорт көлемі бірнеше есеге артады деген жоспар бар, деп хабарлайды kazakh-zerno.kz.
Шаруа қожалығының басшысы Бағдат Мұсатаевтің айтуынша, өнімді алқаптан тікелей жөнелткен. Аудандағы шаруалар бұған дейін қарбыздың «Астрахандық» деген, ал қауынның «Күләби қара 694» деген түрлерін егіп келсе, соңғы кезде америкалық «Нисса» сортына сұраныс көп екен. Бұл сорт қабығы қалыңдығымен, тәттілігімен ерекшеленеді және тасымалдауға да төзімді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, өңірде биыл 7490 гектарға бақша өнімі егілген.
13 шілде 2018 ж. 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031