» » Сүйек құрамын зерттейтін аппарат әкелінді

Сүйек құрамын зерттейтін аппарат әкелінді

Қызылорда қалалық ауруханасының материалдық техникалық базасы жаңа құрал-жабдықпен толықты. Оның ішінде денситометр аппараты науқасқа нақты диагноз қоюға мүмкіндік беріп, сырқатты асқындырмай емдеуге жол ашады. Бүгінде Оңтүстік Корея елінде жасалынған құралдың артықшылығын қызылордалық тұрғындар сезініп үлгерді.
Қала тұрғыны Шолпан Балғабаева бірнеше күннен бері ауруханада ем алуда. 35 жастағы келіншек буын ауруына шалдыққан. Ұдайы дәрігерлердің бақылауында болып, тиісті ем-дом қабылдап келеді. «2012 жылдан бері буындарым сырқырап ауырады. Жаңадан келген аппараттың игілігін көріп жатырмыз. Мамандар да диагноз қоюдан қиналмайтын болады. Осы құрылғы сүйегімнің минералды тығыздылығын анықтап берді. Бұл өте маңызды екені белгілі. Бұрын тек рентгенге түсумен шектелетінбіз. Жыл сайын медицинаның дамуы қуантады», дейді Шолпан Балғабаева.
Ревматолог-маман бұл құрылғының сүйек құрамын зерттеуде таптырмас құрал екенін айтты. «Сүйектің тығыз болуы үшін кальций үлкен рөл атқарады. Сол себепті оның сүйектегі мөлшерін ұдайы анықтап отырған абзал. Бұл әсіресе, әйелдер үшін маңызды. Денситометр аппараты жалпы сүйектің минералды тығыздығын зерттейді. Бұрын рентгеннің көмегімен тек болжалды қорытынды жасайтынбыз. Қазір тәулігіне 15-ке жуық науқасты аппаратқа түсіріп жатырмыз», – дейді Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігер-ревматологы Гүлназым Қожахмет.
19 шілде 2018 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031