» » ТАКСИ ТОҚТАТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТҮРІ

ТАКСИ ТОҚТАТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТҮРІ


    Жақында құжаттар өткізу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Аялдамадан 15-16 жас шамасындағы қыздардың әңгімесін естіп, өзімді бүртүрлі сезіндім.
    – Жаңа базарға дейін 500-ге сөйлесші.
   – Әсем, сен барма, түрінді көріп қорқып кетер.
   – Алма тоқтатсын, оның көйлегі қысқа ғой...
    Қазақылық қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің жастары осындай ойда болса, басқасын сөз ету қиын болар.
Бірде теледидардан қысқа киінген қыз ән шырқап жатты. Сонда әкем, «етегіне тауар жетпей қалыпты» деген еді. Сол сөзі әлі күнге есімде қалыпты. Рас, көшеге шыға қалсаңыз, қысқа киген бойжеткенді әр адымда кездестіресіз. Құп делік, ал такси тоқтату үшін қысқа етектің не керегі бар? Ақшасын берсең қалаған жеріңе апарып тастамай ма? Жастар қандай тәрбие алуда? Олардың ата-анасы қайда қарап жүр? Осы ой маза бермеді маған.
Мөлдір САБЫРЖАН
 
19 шілде 2018 ж. 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930