» » ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысының екінші оқылымында осы жылдың 5 маусымында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар жобалары мақұлданған болатын.
Аталған заң жобасы 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру бойынша және 2017 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат бойынша кеңестің тапсырмасына сәйкес әзірленген. Заң жобасын әзірлеу мақсаты адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету жүйесін кешенді жетілдіру болып табылды. 2018 жылдың 5 шілдесінде Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң халықтың әлеуметтік жағынан қоғалмаған топтарына тегін құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін білікті заң көмегін алудың конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған. Заң 4 бөлімнен, 7-тараудан, 98-баптан тұрады. Заңның 1 бөлімінде негізгі ережелер, заң көмегін көрсетудің қағидаттары және түрлері, кешенді әлеуметтік заң көмегі, Үкіметтің және уәкілетті органның заң көмегін көрсету саласындағы құзіреттілігі айтылған. 2 бөлімінде «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңының ережелері сақталған. 3 бөлімінде адвокаттық қызметті жетілдіру бойынша ережелер бар.
Заңның 4 бөлімінде заң консультанттарының құқықтық мәртебесі және заң консультанттары палатасының қызметінің ережелері көрсетілген. Заң азаматтардың білікті заң көмегін алу үшін конституциялық құқықтарын іске асыру кезінде құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге және оның құқықтық механизімін жетілдіруге бағытталған. Заңның негізгі ережелері болып кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету және әлеуметтік және қаржылық қиын жағдайдағы азаматтар үшін адвокаттан немесе заң кеңсесінен оның құқықтық жағдайын толық сүйемелдейтін заң көмегін алу көзделген. Мұндай көмек тараптардың келісіміне қарай ерікті және ақысыз көрсетіледі. Кіру жарнасын алып тастау адвокат кәсібіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді, адвокаттың кәсібіне және бәсекелестікті көтереді және адвокаттар санының көбеуіне алып келеді. Адвокаттардың бірден бір жетіспеушілігінің себебі болып, өз кезегінде үміткерлер үшін кіру жарнасының көлемінің ауырлығына байланысты болған, яғни осы күнге дейін кіру жарнасының көлемі 700-800 мың болған.
2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін адвокаттық қызметпен лицензия алу құқығына 10 588 лицензия берілген. 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін адвокаттық қызметпен айналысып жатқан адвокаттар саны 4733 (2017 жылы-4 634), былтырғы жылмен салыстырғанда 99 адвокатқа көбейген. Соңғы төрт жылда адвокаттар саны бар-жоғы 7-8 % көтерілген (300-400 адвокатқа). Заңдағы мүліктік кедергіні алып тастау адвокаттық қызметке деген қолжетімділікті қамтамасыз етеді, жас заңгерлердің адвокат кәсібіне кіруіне мүмкіндік береді және адвокаттар арасында бәсекелестік көтеріледі. Жаңа заңда аттестация өткізу тәртібі және адвокаттың кәсіби біліктілігін қарау тәртібі қарастырылған.
Қазақстанда адвокаттардың біліктілігін көтеру механизмі қарастырылмаған. Дамыған елдерде, мысалыға АҚШ, Франция, Ұлыбритания елдерінде адвокаттардың кәсіби біліктілігін жүйелі және тұрақты түрде көтеру міндеті заңмен бекітілген. Жаңа заңда адвокатураның сапалы құрамын жақсарту мақсатында адвокаттардың біліктілігін көтеру механизмі қарастырлыған, нәтижесінде адвокаттық қызметтің сапасы және бәсекелестік артады. Адвокаттардың жыл сайын кәсіби біліктілігін көтеру міндетін енгізу бұл тек заң кәсібіне деген қажеттілік емес, бүгінгі жағдайдағы ажырамайтын бөлігі болып табылады.
Сондай-ақ Заңда адвокаттар алқасын басқару органдарының уақытына шектеу қою тәртібі көзделген. Адвокаттар алқасында басшылықтың ауысуы сирек кездеседі. Қазақстандағы адвокаттар алқаларының төрағалары орташа алғанда өз қызметінде 20-25 жылдан бері атқарып келе жатыр. Басқару органдардарында қызметін жалғастыру кәсіби қоғамдағы реттеу тәсіліне жағдай туғызбайды. Заңда адвокаттық ордерді алып тастау көзделген. Адвокаттық ордерді пайдалану тәжірбиесі тиімсіздігін және ескіргендігін көрсетеді. Дамыған елдердің құқықтық дәстүрінде ордер ұқсастығы көзделмеген. Адвокаттық ордерді алып тастау адвокатураның қызметін оңтайландырады, оның ішінде адвокаттардың адвокаттық ұйымның басшысына тәуелділігін алып тастайды, адвокаттардың қаржылық және уақыттық шығындарын қысқартады.
Сондай-ақ жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қызметін реттемелеу қарастырылған. Бүгінде сотта кез-келген жоғарғы білімі бар адам азаматтардың мүддесін білдіреді. Мұндай көмек кей жағдайда сапасыз болып қалады да, соның салдарынан азамат өзінің құқықтарын қорғай алмайды. Сондықтан клиенттердің мүддесін білдіретін тұлғалар заң консультанттарының палаталарының құрамында болуы міндетті. Жеке тәжірбиемен айналысатын заңгерлердің өзін өзі реттеуі заң қызметінің сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады. Сонымен қатар, адвокаттарды сапасыз заң көмегін көрсеткені үшін жауапкершілікке тарту механизмі қарастырылған. Қазақстанда адвокаттармен ұсынылатын кәсіби қызметін сапасына тиімді бақылау жасау карастырылмаған. Соңғы 4 жылдағы адвокаттардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) түскен шағымдар саны 700 ден аса болған болса, оның ішінде көп жағдайда жақсы деңгейдегі заң көмегін қалайтыны көрсетілген. Адвокаттардың әрекетіне (әрекетсіздігне) түскен шағымдардың көбейуі заң көмегінің көрсету сапасының төмендігін, соның салдарынан төленген гонорарды қайтарып беруі мәселесі көрсетіледі. Ал қалған арыздар адвокаттардың сотта өзін дұрыс ұстамау, сот отырысына келмей қалуы, істі созу сияқты және т.б. қатысты түскен.
Адвокаттардың кәсіби және этикалық жүріс тұрысының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тәртіптік өндірісті объективті және жан-жақты қарау үшін тәртіптік комииссияның екідеңгейлі жүйесі қарастырылған. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының құрамына адвокаттар алқасының ұсынымы бойынша бес жылдан кем емес адвокаттық практика өтілі бар 6 адвокат, уәкілетті органның 3 өкілі, отставкадағы 2 судья енгізіледі. Адвокатурада жаңа технологияларды пайдалану дамымаған, бұл осы заңда шешімін табатын болады.
И.БАКИШЕВА,
Қызылорда облысы әділет департаменті басшысының м.а.
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі
30 шілде 2018 ж. 834 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031