» » eGov.kz: салық төлемін қабылдайды

eGov.kz: салық төлемін қабылдайды


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен бірге eGov.kz порталында салық және басқадай міндетті төлем қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.
Бұл қызмет жеке және заңды тұлғаларға салықтың 18 түрін төлеуге мүмкіндік береді: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салық, жер салығы, ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық, бірыңғай жер салығы, қосылған құн салығы, акциз, арнайы төлем және жер қойнауын пайдаланушылар салығы, экспортқа салынатын рента салығы және ойын бизнесіне салық. Сондай-ақ тіркелген салық: алым, төлем, баж, кедендік төлем. Порталда төлем жүргізу үшін салық төлеуші ретінде тіркелу қажет. Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырады. ЭЦҚ және порталда авторизациялану талап етілмейді. Электрондық түбіртек қызмет көрсету нәтижесі саналады.
Айта кетейік, осыған дейін жеке тұлғалар портал арқылы салықтың 4 түрін ғана төлейтін.
02 тамыз 2018 ж. 1 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31