» » Қазақстанда жол ережелеріне қатысты айыппұлдар мөлшері төмендеді

Қазақстанда жол ережелеріне қатысты айыппұлдар мөлшері төмендеді

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Нұрсейіт Әбішев Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, қандай айыппұлдардың мөлшері азайғанын атады. «2017 жылы 28 желтоқсанда Елбасы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңына қол қойды. Заң ресми түрде жарияланған күннен бастап, 10 күннен кейін күшіне енеді. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген ережелерге сәйкес, жол ережелерінің бұзылуына қатысты айыппұлдың 22 түрі азайтылды», - дейді Нұрсейіт Әбішев Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында. ҚР ІІМ өкілінің айтуына қарағанда, белгілі бір шекті жылдамдықты 10-нан 20 шақырымға асырған жағдайда айыппұл мөлшері қазір 10 АЕК болса, бұдан былай 5 АЕК-ке азаяды. «Сонымен қатар, мүгедектердің көліктерін қоюға арналған орынға басқа жүргізушілер көліктерін қойған жағдайда қазіргі айыппұл 50 АЕК болса, оның мөлшері заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес 10%-ға азаяды. Сонымен қатар, Ішкі істер органдары тоқтау туралы белгі бергенде, жол сақшысының заңды талабына бағынбаған жағдайда жүргізушілерге қазіргі кезде 1 жылға дейін көлік құралдарын басқару құқығын айырылады. Ал аталған заңмен осы жазаны 6 айға дейін қысқарту көзделген», - дейді ол.

29 желтоқсан 2017 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031