» » ҚР СІМ жоғары деңгейдегі корейаралық келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ жоғары деңгейдегі корейаралық келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы 2018 жылдың 9 қаңтарда өткен Корея Республикасы мен Корея Халық Демократиялық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді құптайды және екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін екі елдің күш-жігерін жоғары бағалайды.
«Бұл кездесу мен Солтүстік Кореяның Пхенчханда өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы толыққанды корейаралық диалогтың қайта жаңаруына бастау болып, Корей түбегіндегі шиеленісті жеңілдетуге жәрдемдеседі деп үміттенеміз. Корея Республикасы мен Солтүстік Корея арасындағы белсенді диалог Корей түбегінің денуклеаризация мәселесіне оң әсерін тигізетін болады деген сенімдеміз. Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайдың диалог пен келіссөздер арқылы реттелуін дәйекті қолдайды», - делінген хабарламада.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, сондай-ақ өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде Қазақстан барлық мүдделі тараптарды Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық бағдарламалары бойынша келіссөздер үдерісін жедел қайта қозғауға шақырады.
10 қаңтар 2018 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031