» » Макгрегор UFC чемпиондық титулынан айырылып қалды

Макгрегор UFC чемпиондық титулынан айырылып қалды

Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор Абсолютті жекпе-жек чемпиондығының (UFC) жеңіл салмақтағы чемпион титулынан айырылып қалды.
«Конор өз титулын ұзақ уақыт бойы қорғамағандықтан одан айырылып қалды», - деп жазды дереккөз.
Кеше Макрегордан босаған титул үшін енді ресейлік Хабиб Нурмагомедов және америкалық Тон Фергюсон таласады. Олардың жекпе-жегі Нью-Йоркте 7 сәуірде өтеді.
15 қаңтар күні ирландиялықтың чемпондық титулынан айырылуы туралы UFC басшысы Дан Уайт алдын ала айтқан болатын. Оның айтуынша, екі жыл бойы ешқандай жекпе-жек өткізбей, титулды ұстап отыру, басқа спортшыларға жасалған қиянат болады. 29 жастағы Макгрегор аралас жекпе-жектен 24 кездесу өткізді. Оның 21-інде (18-і алдын-ала) жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Макгрегор UFC-дағы соңғы жекпе-жегіне 2016 жылдың қараша айында шықты. Ол кезде америкалық Эдди Альваресті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

17 қаңтар 2018 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031