» » «Нәтиже жаман емес». Сарапшы Елбасының АҚШ-қа сапары несімен тиімді болатынын айтты

«Нәтиже жаман емес». Сарапшы Елбасының АҚШ-қа сапары несімен тиімді болатынын айтты

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапары елімізге инвестиция тартуға септігін тигізетінін айтты.
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарын Қазақстанның Америка Құрама Штатымен дипломатиялық қарым-қатынасының дамуындағы үлкен жетістігі деуге болады. Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында бірқатар келіссөз жүргізіліп, бірқатар келісімге қол қойылды. Нәтиже де жаман емес. Бүгінде әлемдік сарапшылар бұл сапарды инвестициялық тұрғыда өте тиімді болады деп бағалап отыр, онымен келіспеу мүмкін емес. Оған жасалған көптеген келісімді дәлел ретінде келтіруге болады», - деді Алуа Жолдыбалина.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президентінің биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен баратыны туралы хабарлаған болатынбыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа барған сәтінен видео жариялады. Елбасын Дональд Трамптың өзі қарсы алып, мұны үлкен мәртебеге балады.
Ақ үйде өткен кездесуде Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында әрдайым екіжақты саяси қарым-қатынас орнағанын айтып өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтар өкілдері, АҚШ-тың энергетика министрі және «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» мемлекеттік агенттігінің президентімен кездесті. Сапар соңында Назарбаев Трамппен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг өткізді.
19 қаңтар 2018 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031