» » Апостильдеу тәртібіне өзгерістер енді

Апостильдеу тәртібіне өзгерістер енді

 Апостиль - бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба. Апостильдің нысаны кемінде тоғыз шаршы см түрінде жасалған мөртабан болып табылады. Барлық мәліметтер мемлекеттік тілде апостиль мөртабанында айқындалып, осыдан кейін құжат Гаага конвенциясына қатысушы құзіретті мемлекеттік органның Елтаңбалы мөрімен бекітіледі. Апостильденген құжат шет мемлекеттерге жолданатын құжаттар және жолдаушы мемлекеттің имиджінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында облыстардағы аумақтық органдарға апостиль қою құзыретін беру арқылы міндетін орталықсыздандыруды, сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан арыз түскен кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 20 күннен 5 күнге қысқартуды көздейтін «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2017 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістер заңды күшіне енді. Ал, 2017 жылдың 12 қазанында Мемлекеттік қызмет тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшілігі» РММ-сі «Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауға және беруге уәкілетті. Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін Соттар әкімшісінің жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылылғын, қол қоюшының қолының сәйкестігін, соттың мөртабанының түпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексереді. Осы мемлекеттік қызмет түрін пайдалану үшін арнайы үлгідегі арыз, жеке басыңызды куәландыратын құжат көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқамен қоса ұсыну қажет), апостильдеуге тиіс сот органдарынан шыққан ресми құжат, мемлекеттік қызмет пайдаланушы үшінші тұлға болған жағдайда арнайы ностариуспен куәландырылған сенімхат, қызмет пайдаланушының тегі, аты немесе әкесінің аты ауыстырылған жағдайда оны куәландыратын құжат көшірмесі (түпнұсқа тексеру жасау үшін табысталады), мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек қажет. Стандарттардың 7 тармағына сәйкес қызмет ақылы. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 540 бабы, 8 тармағына сәйкес, әр апостильденетін құжат үшін, айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде баж салығы төленуі тиіс.
Ә.Р.Жақсылықов,
Шиелі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі 
25 қаңтар 2018 ж. 898 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031