» » Нұрлан Қоянбаев "Еркошты" келесі фильміне түсіруден бас тартты

Нұрлан Қоянбаев "Еркошты" келесі фильміне түсіруден бас тартты

Көпшілікке "Бизнес по-казахски" атты фильміндегі "Еркош" ретінде танылған актер Рамазан Амантай келесі бөлімдерде бой көрсетпеуі мүмкін. Киноның продюсері Нұрлан Қоянбаев басты рөлді сомдап жүрген жігітті енді түсіруден бас тартып отыр. Оған жас өнерпаздың семіріп кеткені себеп болған деп жазады. Нұрлан Қоянбаев бастаған топ "Бизнес по-казахски Туркияда" атты жаңа фильмнің түсірілімі алдында барлық актерлармен кездесіп шыққан. Ұжымның жиынында түсірілім тобы Рамазан Амантайдың көп артық салмақ жинап алғанын бетіне басып, оның дене бітімінің өзгеруі киноның қаралымына әсер етуі мүмкін екенін түсіндірген. Сонымен қатар, олардың айтуынша, кішкентай "Еркоштың" толық еркекке айналып шыққаны көрермендерге де кері әсерін тигізбек. Нұрлан Қоянбаев пен оның командасы Рамазан Амантайға фильмге түсуі үшін қатаң талап қойған. Жас актер тамыз айына дейін он бес келіден арылу керек. Ол белгіленген уақытта арықтамаса, оның орнын басқа актер баспақ. Рамазан Амантай өз рөлін ешкімге беріп қоймас үшін, қалай болғанда артық салмақты тастауға барын салатынын айтты. Алайда, ол оңай шаруа емес екенін де ұмытпады. Сол себепті, актер бірінші болып, өз жанкүйерлерінің көмегіне жүгінді. Өнер иесі Instagram парақшасында олардан арықтаудың тиімді тәсілдерімен бөлісуін сұраған.
23 маусым 2020 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031