» » ҚАЗАҚСТАНДА ОНЛАЙН-САҚТАНДЫРУ ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ОНЛАЙН-САҚТАНДЫРУ ЕНГІЗІЛЕДІ

 Бұл туралы Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің дөңгелек үстел отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов мәлім етті.
    Шара барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
    «Қазақстан аумағында сақтандыру қызметтерінің қолжетімдігі қашықтықтан басқаратын электронды цифрлық қызметтерді енгізбей қамтамасыз етілмейді. Заң жобасымен онлайн-сақтандыруды енгізу қарастырылған. Оның нәтижесінде тұрғындар сақтандыру шарттарын сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы бекіту мүмкіндігін алады. Яғни адамдар кеңселер мен сақтандыру агенттеріне бармай-ақ осы шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар сақтандыру шарттарына өзгерістер енгізу мен сақтандыру төлемдерін алу үшін онлайн байланыс арқылы атқаруға болады», - деді Жанат Құрманов.
    Оның атап өтуінше, сақтандыру секторы шетелдік компаниялар филиалдарының нарығына қол жетімділік бойынша ДСҰ талаптары іске асырылатын бірінші сектор болып отыр. Бұл қадамдар 2020 жылы іске асады.
    Осы жағдайларда ұлттық сақтандыру секторы шетелдік ойыншылардың бәсекелестігіне төтеп беруі үшін тұрақты даму моделін қамтамасыз етуге назар аударуы тиіс. Сақтандыру нарығын дамытуды тежеп тұрған себептердің тізбегіне тоқталатын болсақ, бұл ретте ерікті түрде сақтандырудың жеткіліксіз дамуы, халық мен бизнестің сақтандыруға сенімсіздігі, Қазақстанның барша аумағында сақтандыруға төмен қолжетімділік, сондай-ақ сақтандыру нарығында цифрлық технологиялардың жоқтығы секілді мәселелер бар.
     Осы ахуалды ескере отырып, заң жобасында сапа мен қолжетімділікті арттыруға, сақтандыру қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғауға екпін қойылып отыр. Қазақстанда қаржы нарығы айтарлықтай қарқынды дамып келе жатқанына тоқталған Ж. Құрманов: «Алайда біркелкі емес деңгейде дамуда және осы тұрғыда сақтандыру нарығы әзірге ел экономикасы алдында тұрған міндеттерден қалыс келе жатыр, сондықтан экономиканы дамытудағы оның мәні тиісті деңгейде емес», - деді.
    Оның сөзіне қарағанда, соңғы 10 жылда елімізде барлық сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақылары мен активтерінің көлемі бойынша Ресей және Украина секілді елдерден кейін келе жатыр. «Сақтандыру нарығы әзірге халықтың, бизнестің, Қазақстан экономикасының сұранысына сәйкес келмей отыр және олардың алдына қойылған мақсаттарды шешкен жоқ», - деді ол.  
05 ақпан 2018 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031