» » Д.Абаев: Әліпбидің жаңа нұсқасы тиімді болады

Д.Абаев: Әліпбидің жаңа нұсқасы тиімді болады

Бүгін Елбасы бекіткен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы тиімді әрі шығыны жағынан қолайлы болады.
Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Сала басшысы Үкімет отырысынан кейін жаңа нұсқада апострофтардың жоқтығы жөнінде пікір білдірді. Оның айтуынша, ұлттық комиссия лингвистермен қоса IT мамандардың да ұсынысын ескерген.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
- Осы жолы ұлттық комиссияның арасындағы 5-6 топ ішінде әрқайсысында үлкен жұмыс атқарылды. Мен техникалық топты басқардым. Осы техникалық топтың апострофпен бірге қалай енгізілетін проблемасын қарадық. Сол проблеманы көтердік. Елбасы біздің айтқанымызды, мамандардың айтқанын естіп, жаңа нұсқаны енгізіп отыр. Бұл деген Елбасының дұрыс шешімі деп ойлауға болады.
20 ақпан 2018 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031