» » Премьер-министрдің орынбасары жатақханаға баруға мәжбүр болды

Премьер-министрдің орынбасары жатақханаға баруға мәжбүр болды

 Ақтөбеге жұмыс тобымен келген премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова жиыннан кейін жатақханаға баруға мәжбүрлерді. Онымен кездесуге келген тұрмысы төмен аналар өз жағдайларын айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Премьер-министрдің орынбасары мен тағы 3 министр өңірге екі күнге келген. Олар тұрғындарға үкіметтің қайта тағайындалуынан кейін әлеуметтік саясатта қандай өзгерістер болатынын түсіндірмек. Кездесуде министрлер сөзін аяқтай салысымен тұрғындар микрофонға қарай ағылды. Олар тегін баспана, жер, тіпті несие пайызын төмендетуді сұрады. Қиындықтарын айтып, өзін ұстай алмағандар да болды. 
«Баспана кезегінде тұрғаныма 11 жыл болды. Маған тегін керек емес, бір кезде әкімдік жатақханадан бір бөлме берген. Ол жатақхана емес, қоқыс үйіндісі», - дейді кездесуге келген аналардың бірі.
Нәтижесінде Әбдіхалықова тұрмысы төмен ананың тіршілігімен танысу үшін, ол тұрып жатқан жатақханаға баруға уәде етті.
«Қазір барып, тұрмыс-тіршілігіңізді, қандай жатақхана екенін көрейік. Артынша баспана кезегінің қалай жылжып жатқанын анықтаймыз», - дейді премьер-министрдің орынбасары. 
15 наурыз 2019 ж. 1 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031