» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖАҢАШЫЛДЫҚ КЕРЕК

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖАҢАШЫЛДЫҚ КЕРЕК

«Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында осылай деді. Расымен де сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі. Сондықтан болар Елбасы барлық негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер еңбеккерлердің білімі, қабілеті мен құзыретінің қандай болу қажеттігін нақты белгілейді. Сондай-ақ, кәсіби стандарттардың талаптарын ескеріп, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу және қолданыстағы бағдарламаларды жаңарту керектігін тапсырды. Бұл жүйелеу жұмыс берушіге оңтайлы болмақ. Жұмыспен қамту кезінде білім мен бейінін де ескеру маңызды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады. «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет», − деді Президент. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет. Біздің мемлекетімізде Елбасы айтқан бұл айқын мақсаттарды орындауға толық мүмкіндік бар. «Жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иелену, әсіресе еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс», − деді. Әсіресе, Нұрсұлтан Әбішұлының бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажеттігі туралы айтқаны бізді қуантты. Себебі  онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталып тұрады. Бұл жұмыс берушіге де6 іздеушіге де қолайлы жүйе.
Ақмарал ЖҮСІПОВА,
«Қызылорда қаласының жұмыспен
қамту орталығының» бөлім басшысы.
11 қаңтар 2018 ж. 1 045 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930