Пандемияның аяқталу мерзімін анықталды
ДДҰ есептеуі бойынша, COVID-19 пандемиясы екі жылдан аз уақытта аяқталмайды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.
Оның айтынша, 1918 жылғы «Испан тұмауы» эпидемиясымен салыстырғанда, ол да 2 жылға созылған, ДДҰ-да қазір технологиялар көп. «Байланыс көп болса вирус тез тарайды, бірақ бізде оны тоқтату үшін технологиялар бар. Сондықтан бізде жаһандану және өзара байланыста кемшілік болғанмен, технологиялар жағынан артықшылық бар», – деді ұйым басшысы. Вакцинасыз ем қайда? COVID-19: бес түрлі дәрі тегін беріледі Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 19 миллионнан асты Бұған дейін ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан адамзат коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті әлі қалыптастырмайтынын айтқан еді.
"Айқын" ақпарат