» » Қызылордалық атлеттер жеңімпаз атанды

Қызылордалық атлеттер жеңімпаз атанды

Ауыр атлетикадан 20-23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты онлайн жүйеде өтті. Оған ZOOM бағдарламасы қолданылды.
Аталған жарысқа Алматы, Шымкент қалалары жəне еліміздің 12 облысынан 469 спортшы қатысты. Ауыр атлеттер 20 салмақ дəрежесінде шеберлік байқасты.
Жарыс нəтижесінде  қызыл­ордалық спортшылар екі жас ерекшелігі бойынша барлығы 7 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль иеленді. Осылайша жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді.
Жекелей есепте 59 келі салмақта Аяжан Нұржан (59 келі), Есенгелді Сəпи (81 келі) мен Динара Қыпшақбай (81 келі) жəне Арыстанбек Жаханша (89 келі)  Қазақстан чемпионы атанды. Ал Мақсат Қуантхан (55 келі), Дінмұхаммед Данышпан (61 келі), Нұрай Құрманбай (64 келі), Нұрдәулет Қалдыбек (89 келі), Бағдәулет Камал (102 келі) серпе жəне жұлқа көтеру жаттығулары бойынша күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ,Таңшолпан Қаюпова (49 келі), Ерасыл Ергенбай (61 келі) жəне  Əлішер Оразбек (109 келі) қола жүлдені еншіледі.
Енді Азамат Төлеген (61 келі), Мейрамбек Əбдіхалық (73 келі), Айсамал Сансызбаева (+81 келі) жəне Рахат Бекболат (96 келі) сынды жерлестеріміз жасөспірімдер арасындағы онлайн Əлем кубо­гінде бақ сынайды. Бұл жарыс Перу мемлекетінде өткізіледі.
14 қараша 2020 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930