» » ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «РЕАЛ МАДРИД» «ПСЖ»-ны сүріндірді

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «РЕАЛ МАДРИД» «ПСЖ»-ны сүріндірді

 УЕФА Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 1/8 финалдың алғашқы жұбы - Англияның «Ливерпуль» және Португалияның «Порту» командалары арасында өткен ойында гол соғылмады. Пиреней түбегінде өткен алғашқы ойында жауапсыз 5 гол соғып келген ливерпульдіктер келесі кезеңге жолдама алды.
 Осы аптада футбол әлемінің бар назары Париждегі «Парк де Пренс» стадионына ауғаны белгілі. Испанияда өткен ойында 3:1 есебімен жеңіліп келген «Пари Сен-Жермен», бұл жолы «Реал Мадридке» барынша қысым көрсететініне көпшілік үміттенді. Алайда ойын тіптен басқаша өрбіді. Бірінші таймда гол соғылмады. Екінші таймда Криштиану Роналдудың баспен соққан голынан кейін Пиренейден келген команда толық үстемдікті қолына алды. Оның үстіне, алаң иелері сапында Марко Вератти тәртіп бұза берген соң төреші Феликс Брых оны алаңнан қуды. 71-минутта Эдисон Кавани есепті теңестіргенмен, тоғыз минуттан соң Карлос Каземиро жеңіс голын соғып, ширек финал мәселесіне нүкте қойды.
07 наурыз 2018 ж. 911 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031