» » БАЙШАКОВ ФУТБОЛ ЖАНАШЫРЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

БАЙШАКОВ ФУТБОЛ ЖАНАШЫРЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Футбол Федерациясының президенті өз құттықтауында өткен жылдың табыстарына тоқталып, ит жылында болатын айтулы оқиғаларды атап өтті.
– Құрметті футбол жанашырлары! Өткен жыл жарқын оқиғаларға толы болды. Еліміздің жастар құрамасының 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңіне шығуына керемет мүмкіндік бар. Владимир Никитенко жаттықтыратын құрама әр матчта бар күш-жігерін салып, Люксембург, Болгария және Черногория құрамаларымен өткен ойында маңызды ұпайларды еншіледі. «Астана» клубының Еуропа алаңдарындағы жоғары жетістіктері Қазақстан үшін тарихи оқиға саналады. Еліміздің төрт дүркін чемпионы Еуропа Лигасының топтық кезеңінен шығып, Қазақ футболының тарихында тағы бір белесті бағындырды. 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде жақсы ойын өрнегін көрсетті. Уэльс футболшыларын ұтып, Словакиямен ұпай бөлісе алды. 2017 жылы Қазақстан Футбол Федерациясы мен Білім және ғылым министрлігі бірлесе отырып, «Футбол сабағы» жобасын бастады. Өткен жылы Қазақстан Футбол Федерациясы ДЦП ауруына шалдыққан балалар арасындағы Халықаралық Футбол Федерациясының құрамына қабылданды. Қазіргі таңда Алматыда тірек-қимыл мүшелері зақымданған балалар үшін 6 команда бар. 2017 жылдың күзінде Қазақстан және Орталық Азия тарихында алғаш рет ерекше балалар арасында футбол чемпионаты ұйымдастырылды. Футболмен айналыса отырып, балалардың денсаулығы жақсарып қана қоймай, көңіл-күйі де көтеріліп, өз-өзіне деген сенімділік пайда болды. Келер жылы мұндай үйірмелер Қарағанды, Астана және Көкшетау қалаларында жалғасын таппақ.
2018 жылы Қазақ футболын жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. УЕФА-ның жаңа жобасы – «Ұлттар Лигасында» бақ сынайтын Қазақстан Ұлттық құрамасына жанкүйер боламыз.
Футзалдан Қазақстан құрамасы Словенияда өтетін Еуропа Чемпионатында сынға түседі. Олар екі жыл бұрынғы Сербиядағы жетістікті қайталайды деген үміттеміз.
«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде Португалияның «Спортинг» командасымен жолығады. Біздің жанкүйерлер Қазақстан жастар құрамасының Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Франция, Люксембург және Словениямен өткізетін ойындарын асыға күтеді. Ал, еліміздің әйелдер құрамасы өз алаңында Ресей және Англия құрамаларын қабылдайды. Еліміздегі футбол жанашырлары мен жанкүйерлерін Жаңа 2018 жылмен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін! Футболды жақсы көрейік! Жаңа жылда жеңісті күндер, қуанышты сәттер көп болсын!» делінген құттықтауда.
04 қаңтар 2018 ж. 1 006 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031