» » «Қайраттың» ақтық сындағы қарсыластары белгілі болды

«Қайраттың» ақтық сындағы қарсыластары белгілі болды


Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасында «Төрттік финалдағы» қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Ақтық сында команда  португалиялық «Спортингпен», испандық «Барселона» және «Интер Мовистармен» ойнайды. «Интер Мовистар» - танымал еурокубоктың қазіргі жеңімпазы. Еске салайық, бұдан бұрын «Қайрат» Элиталық раундтың үш матчында (италиялық «Пескараны» 4:1 есебімен, беларусьтық «Лидсельмашты» 7:2 және чехиялық «Эра-Пак» командасын 4:2 есебімен) 3 рет жеңіске жетіп, 9 ұпай жинады және «Төрттік финалға» шықты. Ақтық турнир 2019 жылдың сәуірінде өтеді. Оның қайда болатыны кейінірек хабарланады. 

19 қараша 2018 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930