» » Головкин WBN нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Головкин WBN нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Британияның WorldBoxingNews.net сайты 2017 жылдың қорытынды аталымдарының жеңімпаздарын жариялады.
Редакцияның нұсқасы бойынша жылдың ең үздік боксшысы қазақстандық Геннадий Головкин болды. Ол осы аталым бойынша украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Теренс Кроуфордты басып озды.
«Биылғы жыл Головкин үшін жұлдызды жыл болды. Боксшы орта салмақтағы чемпиондық белдіктерін дивизионның екінші және үшінші нөмірлеріне қарсы сәтті қорғап шықты. Головкин, Ломаченко мен Кроуфордтардың арасынан үздігін таңдау оңай болмады. Бірақ қазақстандық алғаш рет «Редакция таңдауына» лайық деп танылды», - деп жазылған мақалада.
GGG бұған дейін WorldBoxingNews.net оқырмандарының нұсқасы бойынша сауалнамаға берген дауыспен төрт рет жылдың үздік боксшы атанған еді.


22 қаңтар 2018 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031