» » "БАЙҚОҢЫР" БАСЫМ ТҮСТІ

"БАЙҚОҢЫР" БАСЫМ ТҮСТІ

 Футболдан Қазақстан бірінші лигасының 25 туры аясында "Байқоңыр" "Ақтөбе жасты" қабылдап, 4-0 есебімен айқын жеңіске жетті. Ойынды ширақ бастаған алаң иелері бірінші таймда Бекзат Құрманбекұлының арқасында алға шықты. Кездесудің екінші жартысында "Байқоңыр" қарсыластарына жауапсыз үш гол соқты. Ислам Рахметов пен Тұрарбек Қуанышбеков қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланса, Нұрдаулет Әмірбек ойынның нүктесін қойды. Енді Шойтымов шәкірттері бірінші лиганың соңғы ойынын "Қызылжармен" түзде өткізеді.
"Байкоңыр" "Ақтөбе жас" – 4:0
Голдар: Бекзат Кұрманбекұлы 16, Ислам Рахметов 71, Тұрарбек Қуанышбеков 82, Нұрдаулет Әмірбек 87
"Байқоңыр": Нұрымжан Салайдин, Айбол Жахаев (Нұрдаулет Әмірбек 80), Қуаныш Кемалұлы, Аян Кұлмағанбетов (Касымхан Алпысбаев 82), Бекзат Кұрманбекұлы (Мағжан Бауыржан 75), Өркен Махан, Ислам Рахметов, Руслан Дүйсенбаев (к), Елжас Сарбай, Ерболат Серік (Тұрарбек Қуанышбеков 70), Абылайхан Төлегенов
"Ақтөбе жас": Дамир Аймағамбетов, Нұрболат Батырханов, Әділжан Жақсыбай, Әділхан Жұмай (Тәуіпбек Орналин 64), Ержан Маулекешев, Алтынбек Нағашыбаев, Әлішер Назаров (Антон Скворцов 71), Токсар Нұрғали, Қуаныш Сабыров, Ұлықбек Сырлыбаев, Евгений Чернышов (к).
Ерасыл ШӘРІБЕК
03 қараша 2019 ж. 814 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031