» » ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының қадамы» атты жалпыұлттық телекөпір өткізді. Шара барысында онлайн режимде бүкіл ел бойынша жаңа индустриялық-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды. Оның ішінде Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығарумен айналысатын "Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты" ЖШС-гі, Атырау облысында ("Жігермұнайсервис" ЖШС-гі) роботты дәнекерлеу әдісімен металл құрастырмалары өндірісі, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Маслодел" ЖШС-гі "Тетра Пак" ЖШС-гі жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауыты ашылды. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы пайдалануға берілді. Жамбыл облысында "Оргстрой" кәсіпорны гранит, мәрмәр және гипс өндіру, жарылғыш құрылғыларды өндірудің жаңа технологиясын өңдеу бойынша өндіріс ашылды. Алматы облысында "Psi Stroy Industriya" ЖШС-гі металл конструкцияларын шығаратын зауыттын іске қосты. Қарағандыда ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын жұмыс істей бастады. Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы. Телекөпір барысында Мемлекет басшысы Ақмола облысы Ақсу ауылындағы алтын өндіру фабрикасын іске қосты.
– Бұл өте қажет жоба. Қазақстан шикізатқа бай мемлекет. Оның ішінде, алтын кені біздің валютаның негізі болып отыр. Қазақстанның әр жерінде 100-ден артық кен орындары бар. Соның барлығын өзіміздің компаниялар игеретін болса, еліміздің әлеуетін одан әрі көтереміз. 4 тонна алтын шығару өндіріс көлемінің үлкен екенін көрсетеді, – деді Президенті.
Индустрияландыру аясындағы жалпыұлттық телекөпірде Мемлекет басшысы қуаттылығы 1 млн. тонна болатын цемент зауытының құрылысымен танысты. Тампонажды цемент зауыты 2019 жылы жұмысын бастайды. «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ли Минг жобаның жүзеге асырылуы туралы баяндады.
 – Бүгінгі жүзеге асып отырған бірлескен жоба - Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының бірден-бір мысалы. Зауыттың негізгі өнімі - тампонажды цементтің 30 пайызы ТМД, Қытай және Орталық Азияға экспортталатын болады. Жоба құны 64 миллиард теңгені құрайды, - деді Ли Минг.
Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қандай мақсатта дайындалып жатқанына тоқталды.   
  – Қазақстанды дамыған 30 елге қосуға мүмкіндік беретін, қуатты, индустриялды серпілісті қалыптастырудамыз. Үшінші жаңғыру бағдарламасы еңбек өнімділігін арттырып, отандық тауарлар экспортының кеңеюіне жағдай жасауы қажет. Алдымызда 4.0 технологиясын енгізу мәселесі тұр. Мұның не екенін түсінуіміз қажет. Осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы дайындалды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін әрбір министрлік, әрбір әкімдік, әрбір компания атсалысуы қажет», - деді Елбасы.
     Айта кетейік, 2017 жылдың басынан бері 1,9 триллион теңгелік 127 жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бүгінде «Қазақстанда жасалған» тауардың жүздеген түрі әлемнің 112-і еліне экспортқа шығарылады. Елімізді индустриаландыру жылдарында қайта өңдеу секторына 26 млрд. инвестиция тартылып 100 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Ендігі мақсат – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын енгізе отырып, озық 30 елдің қатарына қосылу. Осы қарқынмен жұмыс істесек, мақтаттың да орындалары анық.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
13 желтоқсан 2017 ж. 1 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031