» » «Қызылорда – Алматы» бағытындағы әуе рейсі Шымкентке мәжбүрлі қонды

«Қызылорда – Алматы» бағытындағы әуе рейсі Шымкентке мәжбүрлі қонды

 «Қызылорда – Алматы» бағытындағы Air Astana рейсі Шымкентке шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Туындаған төтенше жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы түсініктеме берді. 
«2020 жылғы 25 қыркүйекте Air Astana АҚ әуекомпаниясының тіркеу нөмірі Р4HA E290 әуе кемесі (Эмбраер-190)» Қызылорда – Алматы» бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшып бара жатқанда диспетчерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына мәжбүрлі түрде қонғанын хабарлады. Ұшақ 17.51-де Шымкент қаласының әуежайына сәтті қонды. Әуе компаниясының алдын ала мәліметінше, түтін датчигі іске қосылған. Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуе айлағына қону жөнінде шешім қабылдады», дейді әуе компанияның өкілі.
Шымкентке Air Astana инженерлік техникалық құрамы инспекция жасау үшін ұшып шықты. Жолаушыларды жеткізу ҚР заңнамасы бойынша тез арада шешіледі. Әзірге аталған деректер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
26 қыркүйек 2020 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930