Көңілді тапқырлар фестивалі өтті
Қызылорда қаласы әкімінің қолдауымен көңілді тапқырлар алаңы жобасының республикалық фестивалі Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің және «Қызық Орда» шығармашылық топ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өттіКөңілді тапқырлар алаңы жобасының «Маусымашар» фестивалінде 13 команда додаға түсті. Олар: «Ақ бұлақ» құрамасы - Шымкент қаласы, Ақ бұлақ ауылы; «У» құрамасы - Қызылорда қаласы; «Жезқазған» құрамасы - Жезқазған қаласы; «Нағи Ильясов» құрамасы - Нағи Ильясов ауылы, «Тасбөгет» құрамасы - Қызылорда қаласы; «Интрига» командасы - Нұрсұлтан қаласы; Нархоз колледжі «Тәтті» құрамасы – Алматы қаласы; Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті «Академик» командасы – Қарағанды қаласы; Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «ҚМУ жастары» командасы – Қызылорда қаласы; С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық университеті «Аграрка қыздары» - Нұрсұлтан қаласы; «Шиелі» құрамасы - Шиелі ауданы; «Грация» командасы - Нұрсұлтан қаласы; «Мәдениет жігіттері» командасы - Тараз қаласы.
Сонымен қатар, фестивальде Қызылорда қаласы әкімінің кубогы тігіліп аталмыш кубокты Шиелі ауданынан келген «Шиелі құрамасы» иеленді.
Сайысқа түскен командаларға төрелік еткен қазылар алқасының құрамы: Искендіров Ақылбек – «Арал-Ас» командасының мүшесі, Сағындықов Құттыбай – «Қорқыт құрамасы» командасы мүшесі, Сабыржан Кеңшілік – қалалық жастар ресурстық орталығының директоры, Бекжанов Данияр – «Арал-ас» комнадасының мүшесі, Дүкенбаев Асылхан – «Қорқыт құрамасы» командасының мүшесі.