» » Назарбаев Тамара Дүйсенованы қызметінен босатты

Назарбаев Тамара Дүйсенованы қызметінен босатты


Назарбаевтың жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды.Оның орнына Президент ұлттық экономиканың вице-министрі болған Мадина Әбілқасымованы тағайындады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға ескерту жасаған болатын.
«Бізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуін кейінге қалдыруға тура келді. Бұның негізгі себебі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен бейресми жұмыс істейтін халықты жүйеге тарту проблемасы болды. Олар салық төлемейді. Қысқасын айтқанда, «көлеңкеде тұр». Менің осы туралы айтып келе жатқаныма кем дегенде бес жыл болды. Нақты тапсырмалар бердім. Дегенмен, олармен ешкім дұрыстап айналыспайды. Мен министр Дүйсеноваға бірнеше рет айтқанмын. Тамара, не болды, айтшы? Немесе, осы жұмыстан шаршадың ба?» - деген еді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Назарбаев.

10 ақпан 2018 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930