» » 2018 жылғы бюджетте мұнай бағасына өзгерту енгізіледі

2018 жылғы бюджетте мұнай бағасына өзгерту енгізіледі

2018 жылғы бюджетте мұнай бағасына өзгерту енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты. «Макроэкономиикалық көрсеткіштер бойынша қандай параметрлер нақтыланатындығына тоқталсам, ең біріншіден - мұнай бағасы. Ағымдағы жылғы бюджетте ол баррелі 45 доллармен бекітілген. Бүгінде мұнайдың 1 баррелі 60 доллардан сәл астам болып отыр. Ал БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қорының ортақ болжамы  58 доллар төңірегінде. Сондықтан біз ағымдағы жылғы бюджетте қандай шынайы болжамға сай бағаны бекітетіндігімізді қарастыру үстіндеміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның айтуынша, мұнан бөлек экспорт біршама артып, өнеркәсіп қарқыны да жоғарылай түсетін болады. Сондықтан бұл бағыттарда да бюджетке түзетулер енгізіледі. «Әзірше қай күні нақтылатындығын (республикалық бюджет) айта алмаймын. Қаржы министрлігі ұсыныстар жинап жатыр. Олар жинақталғаннан кейін Үкіметке ұсыныс енгізіліп, шешім қабылданатын болады», - деді Руслан Дәленов.

12 ақпан 2018 ж. 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031