Қазақстандықтардың саусақ таңбасы жеке куәліктің орнына қолданылатын болады – Оспанов
Қазақстанда ХҚКО үшін тұлғаларды саусақ іздері арқылы анықтайтын және танитын жүйе енгізілмек. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» басшысы Абылайхан Оспанов мәлімдеді
«Біз пилоттық жобада тым болмағанда азаматтардың идентификациясын биометрия бойынша тесттен өткізіп көруді бастағымыз келеді. Бұған дейін ХҚКО-ға өзіміз барып өтініш жазатын едік және электрондық сандық қолтаңбамыз болған. Өткен жылы біз sms-кодтарды еңгізсек, биыл пилоттық жобада азаматтардың фотосуреттер мен саусақ іздері арқылы келесі қызмет түрін алуы үшін фотосуреттер мен саусақ іздерін сақтай алатын мүмкіндік жасағымыз келеді. Бәрі сәтімен болған жағдайда заңнамаға кезең-кезеңмен өзгеріс енгізілетін болады. Қалай болғанда да кері қайтатын жол жоқ. Пилоттық жоба Астанада, азаматтардың ерікті түрде келісімімен жүзеге асырылады», - дейді Оспанов.
Абылайхан Оспанов жоба бойынша жеке куәліктің орнына саусақ іздерін қолдануға болатынын растады.
«Биометрияңыз болса, болашақта бірқатар құжаттарыңызды өзіңізбен бірге алып жүруіңізге тура келмейді. Пилоттық жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, - дейді ол.