» » «Рух жаңғырығы» патриоттық әндер фестивалі өтті

«Рух жаңғырығы» патриоттық әндер фестивалі өтті

2017 жылы 23 қараша күні Қазалы ауданында Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Сана" зияткер жастар мектебі" Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында аудандық «Рух жаңғырығы» патриоттық әндер фестивалі өткізілді.
            Аталған шара аясында жастардың бойында елжандылық, патриттық сезімді арттыру мен қатар шығармашыл жастарға көңіл бөлуді мақсат еткенбіз. Сонымен қатар Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласын аймақ жастары арасында насихаттауды жоспарға қойдық. Сайыс өте жоғарғы жәрежеде өтті. Қатысушы жастар ризашылығын білдіріп осындай сайыстардың керектігін айтты.
            Фестиваль қорытындысы бойынша Сейлхан Гүлназ І орын, Әмірбек Жансая мен Серғазы Ернұр ІІорын, Сағырбекқызы Жансая, Жанқуат Ақталған және Алтынбайқызы Ақнұр ІІІ орындарды иемденді. Марапат иелерін алғыс хаттармен бағалы сыйлықтармен марапаттадық.
25 қазан 2017 ж. 1 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930