» » Қазақтардың өмір сүру ұзақтығы белгі болды

Қазақтардың өмір сүру ұзақтығы белгі болды

 2017 жылы қазақстандықтардың жалпы өмір сүру ұзақтығы 72,4 жасты құрады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды Вaq.kzтілшісі.

2017 жылдың қорытындысына сәйкес, 2016 жылмен салыстырғанда былтыр өлім-жітім бойынша негізгі көрсеткіштер жақсарды.
Жалпы өлім-жітім 3,1%, нәрестелердің өлімі 6,2% , аналар өлімі 5,5%, қан айналым жүйесінен өлім-жітім 1,8%, қатерлі ісіктерден 5,3 %, туберкулезден 11,8 % төмендеді.
Отырыс барысында Ұлттық скрининг бағдарламаларының жетілдіріліп жатқандығы айтылды. 2017 жылы 11 млн астам скринингтік тексеріс өткізілген. 806 мың адамда сырқат табылып, олардың 46 пайызы диспансерлі бақылауға алынды. Халықаралық сарапшылар кеңесі бойынша, скринингтің 4 түрі тиімсіз болғандықтан тоқтатылған. Алайда, скринингтен өтетін адамдардың жасы ұлғайтылып, қаралудың жиілігі артты.
Тұрғындардың иммунопрофилактикамен қамтылуы 2017 жылы 97% құрады.
28 ақпан 2018 ж. 1 054 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031