ӘЙЕЛДЕР-ӘДЕМІЛІК ӘЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ
Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту, оны келешек ұрпаққа табыстау басты парыз. Халық өнері сарқылмай дамып, шебер жандардың қолында өрістеп, жүрек жылуына бөленіп жетіле беруі тиіс. Жерлестеріміздің шеберлігі мен талантын Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ақмешіт филиал музейі 6-наурыз күні сағат 11-00де «Әйелдер-әдемілік әлемінің падишасы» атты көрме жәрмеңке ұйымдастырды.
Мақсаты: Әйелдердің ішкі жандүниесіндегі нәзіктікті, жылулық пен сұлулықты, тұрақтылық сезімдерін өз өнерлері арқылы көрсете білетіндіктерін насихаттау.
Ұлтымыздың салт-дәстүрін ұлықтайтын болсақ, ұлттық шеберлеріміздің де өнерлерін көзіміздің қарашығындай сақтай білу әр азаматтың борышы. Өзіміздің жерлес қолөнер шеберлері Қарлығаш Ильясова, Гүлнәр Рамазанова, Роза Әлибатырова, Тұрғанкүл Искакова, Ботагөз Мұсабекова, Манат Сейіл т.б шеберлердің қолынан шыққан бұйымдары көрмеге қойылды.
Қазақстан қолөнершілер Одағының облыстағы өкілі, шеберлер орталығының төрайымы Қарлығаш Ілиясова көрмені құттықтау сөзбен ашты
Көрмеге шеберлердің қолынан шыққан туындылары: көрпешелер, кілемдер, сырмақтар, киізден жасалынған түрлі бұйымдар, ұлттық киімдер, кәдесыйлар т.б қойылды.
Шараға қала тұрғындары, студенттер, басқада саладағы өнер шеберлері, қатысты