» » ҰЛЫС СЕГІЗ КҮН ҰЛЫҚТАЛАДЫ

ҰЛЫС СЕГІЗ КҮН ҰЛЫҚТАЛАДЫ

Наурыз думан
  Қызылорда қаласында Наурыз мейрамын атап өту жылдағы дәстүрге сәйкес ұйымдастырылмақ. Басты мереке өткізілетін орталық алаң арнайы безендіріліп, 30-ға жуық киіз үй тігіледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда безендіру сызбалары келісілген. 20 наурыздан бастап, тиісті жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің орталығында қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Қазіргі уақытта облыс әкімдігімен бекітілген 9 тақырыптық бағыттар (Наурызнама: тарихи таным күні, Наурыз-дәстүр: салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар күні, Наурыз шапағаты: қайырымдылық күні, "Наурыз – думан: ұлттық ойындар күні", "Наурыз – жаңару: көркейту-көгалдандыру, сенбілік күні", "Наурыз тарту: ұлттық өнер күні", «"Наурыз-береке: жәрмеңке, ұлттық тағам күні", "Наурыз шуағы: мәдени-көпшілік, жалпыхалықтық серуен күні") бойынша 14 наурыздан бастап қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде 100-ге жуық мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
Наурыз мерекесіне арналған негізгі шара 22 наурыз күні орталық алаңда өтеді. Алаңға мұнай компаниялары мен кәсіпкерлер, жоғары, арнаулы орта оқу орындары, облыстық басқармалардың қолдауымен киіз үйлер, қайырымдылық шатырлары тігіледі. Алаңда арнайы жүлде қоры белгіленген ұлттық ойын түрлерінен (арқан тарту, гір көтеру, қазақша күрес т.б.) жарыстар, қолөнер шеберлерінің көрме көтсетіледі.
– Биылғы ерекшелік арнайы белгіленген орындарда көріністер қойылады. «Наурыз көже» алаңында бір қатарға арнайы 14 тайқазан-ошақ қойылып, халықтың алдында бір мезгілде 14 келіншек наурыз көже әзірлейді. «Айдар шашын кесу» рәсіміне 7 бала қатысаы. Бұл рәсім ел ағалары мен құрметті меймандардың қатысуымен жасалады, - деді ол.
Ұлыстың Ұлы күні қаламызда Халықаралық Түріксой ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің басқаруымен түріктілдес елдерден 40-қа жуық өнерпаздан құралған арнайы делегация келеді деп күтілуде. Сонымен бірге, Түріктілдес елдер және жергілікті өнерпаздардың ұлттық-этнографиялық концерттік бағдарламасы тамашаланады. Жалпы халыққа арналған кешкі шаралар 17.00-ден басталып, түрлі форматтағы жастар шығармашылығының думанды бағдарламаларымен жалғасады.
Ерасыл ШӘРІБЕК
14 наурыз 2018 ж. 1 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031