» » ӘСКЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛ

ӘСКЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛ

 Қазақ әйелі тек отбасы, ошақ қасына байлаулы деген ұғым қазір бірте-бірте жойылып келеді.  Саудадан бастап түрлі салада нәзікжандылар аз емес. Тіпті билікте де әйелдердің бір шоғыры қалыптасып үлгерді. Қазақстан Қарулы Күштерінде де ерлермен қатар ел қорғау секілді ауыр міндетті арқалаған арулар қатары артып келеді.
Мәселен, 2013 жылғы дерек бойынша Қазақстан Қарулы Күштер қатарында 8 мыңнан астам қыз-келіншек қызмет атқарған. Оның 750-і офицер санатындағылар. Олардың арасында 4 полковник, 30 подполковник, 120-дан аса майор болған. Бұл көрсеткіш 2015 жылы біршама ұлғайыпты. Яғни, өткен жылғы санақ бойынша 8,8 мыңдай әскери қызметші әйелдер қызмет атқарады екен.
 Өзге елде қалай?
Израильдегі қыз-келіншектер 2 жылдық әскерге шақырылады. Бұрымдыларды  сарбаздар қатарына көп қабылдайтын бірден-бір ел де осы мемлекет. 1948 жылы Израиль тәуелсіздігі үшін күресте әйелдер ерлермен қатар ұрысқа кіріп, талай шайқасқа қатысқан. Содан бері сол елдің 18 жасқа толған  жігіттері 36 айға, қыздары 24 айға әскерге шақырылады. Бұл бұлжымас міндет саналады.
Халқының саны 5 миллионнан сәл-ақ асатын Норвегия да ел қорғайтын азаматтарға аса зәру елдердің бірі. Осыдан да Норвегия парламенті әскер қатарына шақырылу ер адамдар үшін ғана емес, әйелдерге де міндетті болатын заңды мақұлдады. Бұдан былай 1997 жылы және одан кейін дүниеге келген қыздар 19 жасқа толғанда Норвегияның қарулы күштері қатарында қызмет етуге міндетті. Негізінде сол елдің әйелдер қауымы 1976 жылдан бері өз еркімен әскерге қабылданып келді.
Италия да әйелдердің ел қорғауға қатысуын мақұлдайтын елдердің бірі. Бұл елде нәзікжандылардың әскери іс-қимылдарға қатысуына рұқсат берілген.  
АҚШ-та әйелдерге арналған әскери музей бар. Бұл – әлемдегі жалғыз әрі бірегей музей. Ол жерде танымал әйелдер жасаған ерлік тарихымен танысуға болады. Мәселен, азаматтық соғыстың белді мүшесі Кэти Уильямс есімді батыл аруды көп американдықтар үлгі тұтады. Оның заманында нәзікжандыларға әскерге баруға рұқсат жоқ болғандықтан ол Уильям Катэ атты ерлерге тән есімді иеленіп, қатардағы жауынгердің формасын киеді.
 Мүсілім БӘЙДІБЕК
15 наурыз 2018 ж. 2 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031